Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ПЕТРОПАВЛҒА ҚАРДЫҢ 10 КҮНДІК МӨЛШЕРІ ТҮСТІ

ПЕТРОПАВЛҒА ҚАРДЫҢ 10 КҮНДІК МӨЛШЕРІ ТҮСТІ


Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандары мен Петропавл қаласында бір түннің ішінде қардың 10 күндік мөлшері түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жергілікті «Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сүйенсек, облыс орталығына 9 миллиметр, кейбір аудандарға 10 миллиметр көлемінде қар жауған.
«Облыстың барлық аудандарына қар түсті. Бүгін өңірдің шығыс бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Ертең антициклонның әсерінен ауа температурасы сәл төмендейді»,-дейді филиал директоры Қымбат Мерғалымова. 
Қар тазалау техникалары қала көшелеріне түнгі сағат екіде шыққаны айтылады. Қарды сыртқа шығару жұмыстарына таңертеңгі сағат 10-нан бастап кіріскен. 
Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тазалау жұмыстарына иеліктерінде 30 шақты қар тазалау техникасы бар 7 мердігерлік ұйым тартылған.
13 сәуір 2018 ж. 968 1

Гость JeaOrer от 13 ақпан 2019 05:46
Cialis Ricetta Online Amoxicillin Interactions With Metacam online cialis Tadalis Sx Soft Discount Retail Cephalexin And Strep A