Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының қазіргі қызметімен және Қазақстанның осы ұйымға 2020-2022 жылдардағы төрағалығының қорытындысымен танысты. Әңгімелесу барысында 12-13 қазанда елордада өтетін АӨСШК-тің VI саммитіне дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.

АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына алдағы саммиттің қорытынды құжаттарының жобаларын келісу үдерісі туралы баяндады.

Сонымен қатар Президентке АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстанның стратегиялық мақсаты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы алдағы саммитті жоғары деңгейде  ұйымдастыру және АӨСШК-тегі мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру аса маңызды екенін атап өтті.
07 қыркүйек 2022 ж. 642 0