Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Президенттің қатысуымен Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

Президенттің қатысуымен Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Бүгінгі жиынға депутаттық корпустан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда келген.

Сонымен қатар Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, мемлекеттік ұйымдар басшылары, азаматтық қоғам өкілдері де қатысып отыр.

Сондай-ақ Мәжілістің 107 депутатының 100-і және Сенаттың 55 депутатының 50-і қатысып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.
01 қыркүйек 2022 ж. 401 0