Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұтынушылардың құқығын қорғауда тиісті шаралар қолданылуда

Тұтынушылардың құқығын қорғауда тиісті шаралар қолданылуда

Осы жылдың үш айында тұтынушылардың құқығын бұзу туралы 66 өтініш түскен. Оның 45,4 проценті сапасыз тауарды айырбастау немесе қайтарудан бас тарту секілді арыздар. Аталған өтініштердің 31-і заңға сәйкес қанағаттандырылды. Ал 17 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 18-і түсіндірілді. Нәтижесінде тұтынушыларға барлығы 293 мың теңгеден астам қаржы кері қайтарылды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

- Тұтынушы құқығының жиі бұзылуы - сатушылардың және тұтынушылардың заң талаптарын білмеуінен орын алады. Осыған орай, департамент тарапынан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес аталған әлеуметтік зерттеу қорытындысы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Заңмен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, шығындарды өтеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында дәйекті үш сатылы жүйесі енгізілді. Онда сатып алушы мен тауар берушінің нақты талаптары қарастырылған, - деді Ерқасым Сүлейменов.

13 сәуір 2022 ж. 771 1

Kelsey от 30 мамыр 2025 01:44
You've made your stand extremely well!! casino en ligne You actually expressed it wonderfully. casino en ligne Effectively expressed certainly! ! casino en ligne Many thanks! Loads of posts. casino en ligne Lovely write ups. Regards. casino en ligne francais You said it adequately.. casino en ligne fiable You actually revealed that well! casino en ligne fiable Wow plenty of terrific material! casino en ligne France Amazing all kinds of great information. meilleur casino en ligne Thanks. Terrific stuff! casino en ligne francais