Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңа қаулы күшіне енді

Жаңа қаулы күшіне енді

Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталғандай болып еді, «омик­рон» штаммы «ашық шабуылға» шықты. Қазірдің өзінде Еуропа мен Орталық Азияның 50 елінде тарал­ған инфекция Қазақстан бо­йынша да өршіп тұр.

Бір күннің ішінде қанша адамға тарап, бірнеше қаланы «қызыл» аймақ дәрежесіне өткізген дерт­­тің екпіні қауіпті. Жаңа вирустың таралу жыл­дамдығы «Дельта» штаммына қарағанда бес есе жоғары. Ахуал күрделеніп, 13 қаңтардан бас­тап Қызылорда облысы да «қызыл» аймаққа енген болатын. Соған орай, Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа Қаулысы қабылданды.

Жаңа ережеге сәйкес, көпшілік жиын-тойларға тыйым салынды. Мамандар үй ішіндегі салтанатты іс-шараларды да тыю қажеттігін айтады. Сондай-ақ, концерт, кино залдарында, мешіттер мен шіркеулерде бұқаралық іс-шараларды өткізу ауру таралуының негізі болмақ. Ал конференция, семинар, көрме, форум сияқты адам қарасы көп жиналатын жиындарды қашықтықтан ұйымдастыру тапсырылды.

Айта кететін жайт, облыс және аудан орта­лықтарындағы мектептер үшінші тоқсанды онлайн форматта бастады. Бұл қаңтар айының соңына дейін жалғасады. Ал ауылдық мектептер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып дәстүрлі форматта жұмыс жасайды. ЖОО мен ООО-ның барлық студенті алтыншы ақпанға дейін қашықтықтан білім алады. Аталған Қаулы 17 қаң­тардан бастап күшіне енді.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары, меди­циналық ұйымдар, сұлулық салондары, т.б. ор­талықтар адам санын шектей отырып, күшей­тіл­ген санитарлық-дезинфекциялық режимде жұ­­­­­­мы­сын жалғастырады.

Қоғамдық көліктер жұмысына шектеу қойыл­майды. Мейрамханалар мен дәмханалар шектеу шаралары аясында жұмыс жүргізсе, спорт орталықтары, моншалар «Ashyq» жасыл мәртебесі бар адамдарға ғана есік ашады. Дәріханалар мен азық-түлік тауарларын сататын дүкендер штат­тық режимде жұмыс жүргізсе, ұйымдар мен кең­се қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтықтан, қал­ғаны күндізгі режимде жұмыс істей алады.

Қабылданған шаралар «Омикрон» вирусының таралу және берілу жылдамдығының жоғары дең­гейіне негізделген. Жаңа вирус түрі жылдам көбейеді. Ауру жұқтырғандардың саны әр үш-төрт күнде екі еселеніп кету қаупі бар.

Осы ретте, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеннің» жеңіл екенін еске саламыз. Екпенің толық дозасын қабылдау – вирусқа қарсы иммунитет қалыптастырудың бірден-бір жолы.

Бүгінде аудан бойынша мамандар ревакцинациялау жұмыстарын жүргізуде. Коронавирус пандемия дәрежесінде жариялағаннан бері ауданда 897 вирус жұқтырушы тіркелген. Ал 2022 жылдан бастап жасалған есепке сүйенсек, 53 адам ауру жұқтырған. Олардың барлығынан «Омикрон» штам­мы анықталып отыр.

– Қазіргі таңда 20103 адам І және ІІ дозалы екпе қабылдады. Ал ревакцинация әзірге 1962 адамға жасалды. Ревакцинациядан өтуде ке­зектілік бойынша медицина қызметкерлері мен мұғалімдер белсенді. Қазір 12-18 жас аралы­ғын­дағы жасөспірімдер мен аяғы ауыр және емі­зулі сәбиі бар әйелдерге, 60 жастан асқан егде кісілерге «Pfizer» екпесі егілуде. Ем – екпеде. Толықтай вакцина алған кезде ғана дерттің беті қайтатынын ескерткім келеді. Сондай-ақ, тұр­ғындарды жаңа Қаулыға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын, – дейді Сырдария аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК дәрігер-эпидемиологы Гүлзат Ақылбекқызы.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
18 қаңтар 2022 ж. 213 0