Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды

Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы
2022 жылғы 11 қаңтар

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Тағайындалсын:
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 қаңтар
№ 756
11 қаңтар 2022 ж. 528 0