Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы қайта жанданды

Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы қайта жанданды

Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, қаңтардың 10-ынан бастап еліміздің өзге өңірлеріндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет көрсете бастады. Азаматтарға барлық қызмет түрі қолжетімді. Әзірге тек Жамбыл облысында паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу қызметі көрсетілмейді.

Одан бөлек мамандандырылған ХҚО-ның қызметі әзірге қолжетімсіз. Олардың және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бөлімдердің жұмыс істей бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Байланыс сапасына қарай кейбір қызметтер ара-тұра қолжетімсіз болуы ықтимал екенін алдын ала ескертеміз.
Жұмыс жанданған өңірлердегі ХҚО-лардың жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, террорлық қатердің қызыл деңгейі енгізілді. Клиенттерімізді абай болуға шақырамыз.

10 қаңтар 2022 ж. 342 0