Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аспиринді көп қабылдау – зиян

Аспиринді көп қабылдау – зиян

Еуропа мен АҚШ-та жасалған зерттеу нәтижесінде аспиринді көп қабылдау адамдардың жүрек қабыну ауруларын 26%-ға өсіріп, қан қысымын жоғарылататы анықталды.

Зерттеуге Батыс Еуропа мен АҚШ-тан 31 жастан асқан 40 мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында белгілі бір сырқатқа шалдыққандар, атап айтсақ, артық салмақ, гипертония, жоғары холестеринді, қант диабеті бар және әртүрлі жүрек-тамыр ауруларымен ауратындар мен темекі шегетіндер бар.

Сынақ барысында 7,5 мың қатысушы (25%) үнемі аспирин қабылдады. Бақылау нәтижесінде олардың 1 330-ында жүрек қысымы ауруларының өрши түскендігі белгілі болды.

Қосымша тексеру кезінде мамандар әр пациенттің жағдайына қайта талдау жүргізіп, алынған нәтижелерді салыстырды. Олар аспирин қабылдаған адамдар арасында жүрек ауруының даму қаупі 26%-ға жоғары деген қорытындыға келді.
28 қараша 2021 ж. 419 0