Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда орташа жалақы мөлшері көбейді

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері көбейді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 257 030 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамыз айында ол 256 455 теңгені құраған.

«Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 2021 жылғы тамызда 130 590 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2020 жылғы тамызға қарағанда 15,3%-ға жоғары, нақты ақшалай кірістер көрсетілген кезеңде 6,1%-ға ұлғайды», деп жазады Статистика бюросы.
2021 жылдың қыркүйегінде жұмыссыздар саны 451,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 4,9%-ды құрады.

Қыркүйек айының соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 210,1 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,3%-ды құрады.

15 қазан 2021 ж. 316 0