Кристалл таңдаңыз (психологиялық тест)
Өмірдің ағы мен қарасы қатар жүреді. Қара жолағына келген кезде аққа жеткенге дейін қалай қозғаларымызды, қандай шешім қабылдарымызды білмей аңтарылып қалатын кез болады. Мәселені шешуді өзіңізге келу үшін тест ұсынамыз. Тек берілген төрт кристалдың біреуін, жаныңызға жақынын таңдауыңыз қажет. Нәтижесінде, нөмірімен сәйкес мәтінді оқыңыз.
2. Сіздің жан-дүниеңіз арпалысқа толы. Не әлдекімге өте ашулысыз, не ренжіп жүрсіз. Тіпті бұл күй басымнан ешқашан өтіп кетпейтін шығармын деп, ары қарай не істеу керегін де білмейсіз. Бірақ өмір мұнымен тоқтамайды. Қала сыртына шығып, жаныңызға тыныштық сыйлаңыз, миыңызды демалдырыңыз. Бойыңызға жиналған жағымсыз әсерді түгелімен шығарып тастаңыз, әйтпесе денсаулығыңызға кесірі тиеді. Өкпелеткендерді біржола кешіріңіз де, өмірді таза парақтардан бастаңыз. Өміріңізде әлі ақ жақсы адамдар мен бақытты күндер көп болады.
3. Қазір сіздің басты ұстанымыңызды – «өмірді жеңілдету». Жаңа дүниелерді тез қабылдайсыз, шын беріліп дос бола алмағандармен тез қоштасасыз. Жамандықтардан арылу үшін барлығын байқап көресіз. Алған бағытыңыз дұрыс. Кеңістігіңізді тазалайтын уақыт жетті. Өзіңіз қалағандай өмірді сүруге әбден құқылысыз. Қоршаған ортаның орынсыз пікіріне құлақ аспаңыз. Өз ар-ұятыңыз алдында таза болсаңыз болғаны. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.
4. Сіз өз-өзіңізбен тұйықталып, барлығына жүрегіңізді жауып тастауды шештіңіз. Көп адамға алданып, аузыңыз күйіп жүрсіз. Жапа шеккен сайын жүрегіңіз қатайып, адамдардан алыстай түсесіз. Бұл жағдайға жеткізуге не себеп болағанын ойланыңыз. Әңгімелесетін жан тауып, бар сырыңызды ақтарыңыз.
https://massaget.kz/
Пікір 1