Ең төменгі жалақыны көтеру әлеуметтік төлемдерге әсер етеді
Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшінші мемлекетке тауық етінің экспортын көбейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елде ең төменгі жалақының өсуі әлеуметтік төлемдердің көбеюіне әсер етеді. Сарапшылар базалық мөлшерлеме жоғарылауы мүмкін деген болжам жасады.
Елде ең төменгі жалақыны көтеру кейбір әлеуметтік төлемдердің көбеюіне әсер етеді. Мәселен қазіргі міндетті әлеуметтік сақтандыру заңына сай максималды әлеуметтік көмек ең төменгі жалақының 7 еселегендегі сомасынан аспауы тиіс. Қазір ең төменгі жалақы – 42500 теңге. Оны 7-ге көбейтсек, 297 мың 500 болады. Яғни сіздің еңбекақыңыз 400 мың болса да бала туылғанда, асыраушысынан айырылғанда немесе жұмысқа жарамсыз болып қалған кезде берілетін әлеуметтік көмек 297 мың 500 теңгемен есептеледі. Келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 60 мыңға көбейсе, осындай төлемдердің де сомасы артады. Сондай-ақ жеке табыс салығын, зейнетақы қорына ұсталатын алымдарда өзгеріс болады. Сарапшылардың айтуынша, ең төменгі жалақының өсуі 1 миллион адамға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ нарықта жалақының көбейуіне түрткі болуы мүмкін.
Ерділдә Тәутенов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жетекші сарапшысы:
- Ең төменгі жалақының көтерілуі кәсіпкерлерге қиынға соғуы мүмкін. Өйткені еңбекақы төлеу қорының шығындары артады. Бірақ біздің ойымызша, халық табысының артуы тұрмысты жақсартып, тұрғындардың тұтынушылық қабілетін өсіреді. Сәйкесінше тауар мен қызметке сұраныс артады. Өз кезегінде кәсіпкерлердің табысы артып, ісі алға басады, мемлекетке салық түсімдері көбейеді. Осылайша экономика дамуға тиіс.
ХВҚ берген қаржы Ұлттық банктің халықаралық резервін толықтырады
Халықаралық валюта қорынан Қазақстанға берілген қаржы Ұлттық банктің халықаралық резервін толықтыруға жұмсалады. Елдегі басты банктің мамандары осылай дейді. Бұған дейін халықаралық валюта қоры қарызға алуға құқығы бар мемлекеттерге 650 миллиард АҚШ долларына тең СДР үлестірген еді. Содан Қазақстанға 1,57 миллиард АҚШ доллары берілді. Қаржы 23 тамызда Ұлттық банктің есепшотына түскен.
Аида Құлболатова, ҚР ҰБ халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары:
- Әр мемлекет бөлінген қарыз алу құқығын өз еркімен халықаралық резервін толықтыруға немесе қордың басқа мүше мемлекеттері және қордың опреацияларын жүргізу мақсатында қолдана алады. Ұлттық банк алынған СДР-ді халықаралық резервін толықтыруға қолданды.
Бұған дейін қор бүкіләлемдік дағдарыстан кейін, яғни 2009 жылы дәл осылай 250 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі СДР-ді үлестірген. Ол кезде Қазақстанға 271,1 миллион СДР бөлінді. Қаржы сомасы мемлекеттердің квотасына сай белгіленеді.
Базалық мөлшерлеме өсуі мүмкін
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өсіруі мүмкін. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы жүргізген сауалнама нәтижесі осындай болған. Оған елдегі қаржы нарығының мамандары, банк, сақтандыру және брокерлік компанияның сарапшылары қатысқан. Респонденттердің 56 проценті қыркүйектің 13-інде өтетін жиында ұлттық банк базалық мөлшерлемені өсіреді деген болжам жасады. Негізгі себеп - инфляцияның артуы. Тамыз айында 8,7 процентке жеткен. Алайда алдағы жылдың ішінде инфляцияның өсімі төмендесе, базалық мөлшерлеме де азаяды деп санайды. Сарапшылардың кейбірі базалық мөлшерлеме бұл айда емес, қыста, азық-түлік тауарлары қымбаттаған кезде көтерілуі мүмкін деген болжам айтқан.
Айта кетейік, негізі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешімі несие мен депозит пайыздарының өсуіне әсер етеді. Базалық мөлшерлеме шілде айында 0,25 процентке көтерілген. Мамандар егер бірден бір-екі процентке көтермесе, нарыққа қатты әсер қоймайтынын, ол үшін ұзақ уақыт кететінін айтады.
ЕАЭО құс этінің экспортын арттырды
Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшінші мемлекетке тауық етінің экспортын көбейтті. Кейінгі бес жылда мұнда құс етінің өндірісі 9,6 процентке артқан. Мәселен биыл екінші тоқсанда одақ елдері үшінші мемлекеттерге жалпы құны 138 жарым миллион долларға 80 мың тонна құс етін сатты. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2,4 процентке көп. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтеріне қарағанда негізгі экспортерлер – Ресей мен Беларусь. Үшінші мемлекетке сатылған құс етінің 84 процентін Ресей, 16 процентін Беларусь республикасы шығарған. Ал импортерлер – Қытай, Украина және Сауд Арабиясы. Қазақстандық құс фабрикалар өндірісті арттырғанымен, әзірге үшінші мемлекетке ет экспорттамайды.
Қазақстан қор биржасында бір АҚШ доллары 426 теңге 38 тиыннан саудаланып жатыр. Еуро 503 теңге 73 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 82 тиынға тең.