Жаңа стартап жобаларға қолдау жасалуда

- Қызылорда облысының IT-паркінде IT-стартаптарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл стартаптар санын арттыру мақсатында IT-парк сайты құрылды (https://it-park.kz/). Онда жаңа стартап жобаларды тіркеу, өтінім беру мүмкіндігі қарастырылды. Жалпы өңірімізде цифрлық технологиялар қарқынды даму үстінде. Мысалы, облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 200-і (87%) кең жолақты интернетпен қамтылған. Қазіргі уақытта 250 адамнан астам халқы бар, 3G және 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілмеген 9 АЕМ ғана проблемалық болып қалуда. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында 1292 бейнебақылау, денсаулық сақтау ұйымдарында 703 бейнебақылау, көп пәтерлі тұрғын үйлерде 992 бейнебақылау құралдары орналастырылған, - деді Юлия Тремасова.
Биыл Қызылорда қаласының сол жағалау тұрғындарын мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету үшін базалық станция салынды.