Қожа Ахмет Ясауи туралы фильм көрерменге жол тартады
Түркияда түсірілген Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая жақын аралықта Қазақстанда көрсетіледі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Түркияға жұмыс сапарының нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетерлігі, Қожа Ахмет Ясауи өмірі туралы телесериал премьерасы Қазақстан мен Түркияда бір мезгілде өтеді деп жоспарланған. Түркия тарапы түсірген бұл телехикая «Мавера» деп аталады. Мавера – (араб тілінде «көрінетін әлемнің көрінбейтін арғы жағы» деген мағынаны білдіреді) көне Османлы тілінде қолданылған сөз. Қазақша «тылсым әлем», «қарсы жақ», «басқа дүние» деп аударуға болады. Режиссер Йүджел Хүдавердінің бұл фильмі тартымды әрі қызықты оқиғаларға толы.
Ясауи туралы телехикаяны түріктер жаңа форматта түсірген. Онда Қожа Ахмет өмірінің көпшілік біле бермейтін қырлары, жалпақ жұртқа беймәлім кезеңі көбірек суреттеледі. Сондықтан да бұл телехикая Қазақстан көрермендері үшін де қызықты болары хақ. Телехикаяда Ясауидің Арыстанбаптан алған құрма дәнегінің құрма ағашына айналу оқиғасы, дәруіштер хикаясы, тарихтағы алғашқы Алып-ерендер оқиғасы тартысты беріледі.
Тоқтала кететін жайт, министр Аида Балаева сапар аясында түркиялық ТРТ телерадиокомпаниясының басқарма төрағасы Ибрахим Еренмен кездескен болатын. Осы кездесуде Қазақстан мен Түркияның телевизия саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру сөз болды. Атап айтқанда, тараптар түркі жұртына ортақ тарихи тұлға – Қорқыт ата туралы бірлескен сериал түсіруге уағдаласты. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Түркия телерадиокомпаниялары балаларға арналған анимациялық және танымдық фильмдерді жасау туралы жоспарды да талқылады.