Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ҰБТ-ны түлектер қашан тапсырады?

ҰБТ-ны түлектер қашан тапсырады?

Биыл мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестті жаңаша тапсырмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты, деп хабарлайды www.oinet.kz.

- Наурыздың 10-ы мен сәуірдің 10-ы аралығында ҰБТ ақылы негізде өтеді. Оған үміткерлер бір рет қана қатыса алады. Ал 15 сәуір мен 30 маусым аралығында ҰБТ тегін болады. Бұл ретте үміткерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие. Олар білім гранттарын бөлуге қатысады. Сәуір-маусым аралығындағы ҰБТ-ға биыл мектеп бітіретін 120 мың түлектің қатысатындығы жоспарланған, - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Айтуынша, еліміздің өңірлерінде ҰБТ өткізу пунктерінің саны жеткілікті.

- Өткен жылы біз оларға ҰБТ-ны пандемияға байланысты қашықтан өткізген едік. Сондықтан оларда ҰБТ-ны электронды форматта тапсыру тәжірибесі бар және бұл олар үшін жаңалық емес, - деді Мирас Дәуленов.
31 наурыз 2021 ж. 507 0