Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Cмартфондар қымбаттайды

Cмартфондар қымбаттайды

Кез келген электронды құрылғының «миы» саналатын компьютерлік чиптердің әлемдік тапшылығы өсуде. COVID-19 пандемиясы автомобильдердегі кейбір электронды компоненттерге арналған чиптердің жеткізілуіне әсер еткендіктен автокөлік өнеркәсібі де қатты зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz

Көптеген автомобиль өндірушілер чиптердің жетіспеуіне байланысты өндіріс орындарын жабуға мәжбүр болды. Ендігі кезек "ақылды смартфондарға" келді. Мәселен Xiaomi смартфондары чиптердің жетіспеушілігіне байланысты қымбаттауы мүмкін.

Xiaomi президенті бөлшектердің жетіспеушілігі компанияның шығындарын арттыратынын мәлімдеді. Демек, бұрын қолжетімді болған қытайлық гаджеттердің бағасы көтеріледі.

Айта кетейік, чиптердің жетіспеушілігі Apple, Huawei, Samsung, Sony, Microsoft сынды смартфон шығаратын алпауыт компанияларға да кесірін тигізіп жатыр.


26 наурыз 2021 ж. 351 0