БАҚ туралы жаңа заң қабылданатын болады
Келешекте БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылданатын болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұсынудың жаңа ережелеріне қатысты жұмысқа тоқтала келе, алдағы уақытта БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылдануы жоспарланып отырғанын жеткізді.
Осы орайда А. Балаева аталған құжат қашан қабылданатынын айтты. «Бұл тұрғыдағы мақсат – мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатының заңнамалық қамтамасыз етілген тетіктерін қалыптастыру. Осы орайда БАҚ туралы жаңа заң 2022 жылы әзірленіп, қабылдануы үшін биыл заң жобасының тұжырымдамасы кеңінен талқылауға ұсынылады», - деді ведомство басшысы.