Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 14 желтоқсанда Күн тұтылады

14 желтоқсанда Күн тұтылады

Бүгін 14 желтоқсанда Күн толық тұтылады. Яғни Жер, Ай және Күн бір сызықтың бойымен өтеді тұрады. Айдың айналасында "Күн тәжі" көрінеді.

Ай Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18:32-ден бастап Күнді орталық Тынық мұхитының үстінде толық жабады. Күн тұтылуының максимал фазасын 20:13-те байқауға болады және ол 2 минуттан артық уақытқа созылады.

Астрономдардың айтуынша, Күннің толық тұтылуы Чили мен Аргентинада анық байқалса, ішінара тұтылуды Оңтүстік Америкада, Полинезияда, Антарктидада және Африкада көруге болады

Әлемнің қалған бөлігі бұл астрономиялық оқиғаны интернет арқылы тамашалай алады.

Күннің келесі тұтылуы 2021 жылы 10 маусымда болады.

Ай мен Күн әр 6 айда, 2 апта айырмашылықпен тұтылады. Мұндай астрономиялық құбылыста Күн, Ай және Жер аспанда бір сызықта тұрады. Егер Ай Күн мен Жердің арасында тұрса, Күннің тұтылады, ал Жер Күн мен Айдың арасында тұрса, Ай тұтылады.



14 желтоқсан 2020 ж. 936 0