Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнайға сұраныс дағдарысқа дейінгі қалпына келе ме?

Мұнайға сұраныс дағдарысқа дейінгі қалпына келе ме?

Ұзақ уақытқа созылған дағдарыстан кейін әлемде мұнай бағасы қайтадан бір ізге түсе бастады. 9 желтоқсандағы ахуал бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 0,14 пайызға құлап, барреліне 48,79 долларға түскен. WTI фьючерстерінің бағасы 0,33 пайызға құлдырап, барреліне 45,45 долларға тұрақтаған. Мұндай сараптаманы Халықаралық Moody's рейтинг агенттігі жасады.

Агенттіктің хабарлауынша, 2021 жылы жаһандық мұнай-газ секторының перспективасы мейлінше тұрақты болады.

«2021 жылы мұнай бағасы аз ғана өседі және бұл өндіруші компаниялардың капиталдық салымдарын шектеуіне алып келеді. Бұл мұнай сервисі секторына және midstream сегментіне (сақтау және тасымалдау) кері әсерін тигізеді. Бұл уақытта мұнайға деген сұраныс артады, бірақ дағдарысқа дейінгі деңгейіне қайта шыға алмайды», - делінген Moody's сараптамасында.

Болжам бойынша мұнай бағасы барреліне 40-45 доллар деңгейінде болады. WTI мұнайы барреліне 40-60 доллар көлемінде құбылады.

Осыған дейін ОПЕК+ елдері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өндірісін 0,5 млн баррелге дейін арттыруға келіскен болатын. Мамандар осы келісімнен соң Brent маркалы мұнай бағасы қайта көтеріледі деп болжам айтқан.

Ал АҚШ энергетика министрлігінің болжамынша, 2021 жылы Brent-тің орташа бағасы барреліне 48,5 доллар болмақ.

АҚШ энергетика министрлігі энергетикалық ақпарат басқармасы 2021 жылдың I тоқсанында Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 47 доллар болады, ал төртінші тоқсанға қарай барреліне 50 долларға дейін көтеріледі. Бұл Қазақстанның да макроэкономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің қалпына келуі жолындағы маңызды фактор болып саналады», деп жазады телеграмдағы Tengenomika каналы.  


11 желтоқсан 2020 ж. 516 0