Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздегі бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз 11 шілдеде Қостанай облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Сол күні күндіз Қостанай қаласында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Күндіз найзағай кезінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Сол күні күндіз Орал қаласында 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
11 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетіп шаңды дауылға айналады. Күндіз Қызылорда облысында 42 градус қатты ыстық күтіледі. Сол күні Қызылорда қаласында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

11 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады.

11 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде 35 градусқа дейін ыстық күтіледі, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 18 м/с жетеді. Сол күні күндіз Көкшетау қаласында найзағай күтіледі.

11-15 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады.
11 шілде 2020 ж. 654 0