Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге берілетін үстемеақы қашан тоқтайды

«Дәрігерлерге төленетін үстемеақы - халықтың көкейінде жүрген сұрақтардың бірі. Ол туралы Президент арнайы тапсырма берген болатын. Оған байланысты мемлекет деңгейінде Үкіметке 40 млрд ақша бөлініп отыр. Сондықтан, тамыз айына дейін денсаулық сақтау жүйесінде жүрген адамдарға үстемеақы берілетінін қаперлеріңізге салғым келеді», - деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.