Жаңа жобаның арқасында 23 адам жұмыспен қамтылады
Бұрнағы күні облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні қарсаңында баламалы негіздегі сағатына 50 мВт дейін күн энергиясынан қуат алатын «Байқоңыр Солар» электр станциясының ашылуына қатысты.
Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы, және өз құнын жүз пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Оның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес. Шиелі ауданындағы аталмыш жобаның құны 23 млрд.теңге. Нысанның жалпы ауданы – 150 гектар.
Аймақ басшысы аталмыш жобаның тиімділігі мен маңыздылығы туралы айтты.
"Электр станциясының іске қосылуы еліміздегі жаңартылған энергия көздерінің үлесін арттыру, «жасыл» технологияларға көшу бағытында жасалған зор қадам деп білу керек. Ендеше, болашақта аймақ тұрғындары баламалы энергия көздерін тұтыну деңгейін одан әрі дамыта беретініне сенімдімін!",-деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Сонымен қатар, жаңа жобаның іске асуы арқасында 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.