Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХИ СӘТ: ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ТАРИХИ СӘТ: ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz

Еркін бағдарламада Тұрсынбаева төрттік сальховты тұңғыш рет қатесіз орындап, 148.80 ұпай жинады. Бұл Элизабеттің маусымдағы үздік көрсеткіші. 

Сондай-ақ, Тұрсынбаева төрттік сальховты ресми жарыстарда орындаған тұңғыш спортшы ретінде тарихта қалды. 

Қоссайыс қорытындысы бойынша Элизабет 224.76 ұпай жинады. Бұл қазақ спортындағы тарихи жүлде екені сөзсіз. 

Алтын және қола медаль ресейліктер Алина Загитова (137.50) мен Евгения Медведеваның (223.80) еншісінде.
22 наурыз 2019 ж. 772 0