Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Дияр Нұрғожайдың соңғы секундтағы нокауты 25 мың доллар табыс әкелді

Дияр Нұрғожайдың соңғы секундтағы нокауты 25 мың доллар табыс әкелді

Отандасымыз UFC файтері Дияр Нұрғожай соңғы жекпе-жектегі нокауты үшін ұйымның арнайы бонусына ие болды. Ол 25 мың АҚШ доллар, яғни шамамен 11,6 млн теңге алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы UFC Fight Night 284 турнирінде бразилиялық Бруно Лопесті нокаутқа жіберді. Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Энтерпрайз қаласында орналасқан Meta Apex аренасында өтті.

Осы жеңісі үшін Дияр Нұрғожай UFC тарапынан 25 мың АҚШ доллары көлемінде бонус алады. Бұл шамамен 11,6 млн теңгеге тең.

Қазақ файтер жекпе-жектің соңғы секундында қарсыласын нокаутқа түсіріп, әсерлі жеңіске жетті. Нұрғожайдың бұл жеңісі UFC-дегі кезекті маңызды нәтижесі саналады.

09 тамыз 2026 ж. 667 0