Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Керлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты

Керлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты

Керлингтен Шотландияда әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Топтық кезеңде Финляндия, Кения, Германия, Уэльс, Украина құрамаларын ұтқан Қазақстан спортшылары Швейцарияға ғана есе жіберді. Алайда бұл – топтық кезеңнен шығуға еш кедергі емес.

Бүгін Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы ойын көрсетіп, плей-офф сайыстарына дайындалады. Ел намысын әлем чемпионатында Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр, Мерей Тастемір есімді спортшыларымыз қорғайды.

Айта кетсек, керлинг – бұл қысқы командалық спорт түрі, мұз аренасында өтеді. Матчқа әр командада 2-4 адамнан тұратын екі команда қатысады. Ойынның негізгі принципі қатысушылар кезек-кезек тас деп аталатын мұз үстінде ауыр гранитті снарядты ұшырады.

Мәліметтерге сүйенсек, керлинг – Қазақстан спортшыларын 2000 жылдардың бас кезінде қызықтырған. 2003 жылдың қарашасына қарай Қазақстан керлинг қауымдастығы ресми түрде құрылған.

Фото: Qazsporttv
17 қазан 2024 ж. 138 0