Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Парижде параспортшылар «алтын» және «күміс» еншіледі

Парижде параспортшылар «алтын» және «күміс» еншіледі

Қарағандылық спортшылар паражеңіл атлетикадан Гран-при жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше халықаралық жарыстар Парижде өтіп, оған 56 елден 380-нен астам өкілі қатысты. Қазақстан құрамасында жеті спортшы, оның ішінде екі қарағандылық өнер көрсетті.

Жарыстың бірінші күні Қарағанды облысының мүгедектер спорты мектебінің тәрбиеленушісі Дастан Мұқашбеков F-36 классында тұғырдың екінші сатысына көрініп, күміс жүлдегер атанды. Ол снарядты 14,20 метр қашықтыққа лақтырды.

Жеңіл атлетикадан Grand Prix Дүниежүзілік сериясының екінші күні қарағандылық Руфат Хабибуллин Ғ43/F64 класындағы спортшылар арасында 46.35 ұпаймен найза лақтыруда үздік атанып, алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетсек, Дастан Мұқашбеков Парижде 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

Фото: gov.kz

18 маусым 2024 ж. 298 0