Отандастарымыз Оңтүстік Кореяда өткен олимпиададан олжалы оралды
Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер арасындағы қыстық олимпиада Қазақстан тарихындаңы ең табысты олимпиадалардың бірі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
Еліміздің жасөспірім спортшылары хоккейден, керлингтен және фристайл могулдан алғаш рет ел намысын қорғады.
“19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындары өтті. Бұл жарыстар Азияда алғаш рет өткізілді. Қазақстан атынан 41 спортшы қатысып, рекорд орнатты. Олар спорттың 5 түрінен бақ сынасты. Бір алтын және екі қола жеңіп алған Қазақстан қысқы жасөспірімдер олимпиада тарихындағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жалпы есепте 20-орынға ие болды”, – делінген хабарламада.
Спортшы Илья Мизерных (214 ұпай) шаңғымен секіруден бірінші жүлдені жеңіп алып, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Шорт-тректен сынға түскен Полина Омельчук қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ хоккейден Ұлттық құрама Австриямен (6:5) айқаста қола медальді жеңіп алды.

Фото:gov.kz