Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстан стенд атудан әлем кубогында алтын медаль алды

Қазақстан стенд атудан әлем кубогында алтын медаль алды

Стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Дмитриенко Каирде (Мысыр) өтіп жатқан рейтингтік әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Әйелдер арасындағы трап жаттығуының финалдық жарысында шымкенттік Мария Дмитриенко үздік нәтиже көрсетті.

Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, спортшының осы жарыста өнер көрсетуі ISSF рейтингісінде жоғары көтерілуге мүмкіндік берген.  Бұл –  Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін олимпиада квотасын алудағы маңызды қадам.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Каирде әлемнің 65 елінен 700-ден астам спортшы қатысып жатқан спорттық атудан рейтингтік әлем кубогы басталды.

Фото: Olympic.kz
28 қаңтар 2024 ж. 274 0