Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Денис Никиша әлем кубогының қола медалін жеңіп алды

Денис Никиша әлем кубогының қола медалін жеңіп алды

Шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан командасының капитаны 500 метрге жүгіруден мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші - 41.525.

Алтын медальді қытайлық Шаоан Лю (41. 196)еншілесе, күміс жүлдеге кореялық И-Ра Сё (41.205) қол жеткізді.

Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша Қазақстан командасының мүшелерімен бірге Монреальда (Канада) өткен әлем кубогінің қола медалін жеңіп алған еді.

Ал ерлер арасында 1 500 метрге жарысудан финалға шыққан Еркебұлан Шамұханов жарысты аяқтай алмады. Ол ереже бұзғаны үшін пенальти алып, айдыннан қуылды.

Фото: instagram/qaz.iceteam
17 желтоқсан 2023 ж. 380 0