Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр елінің ұл-қыздары– Азияда жұлдыздары

Сыр елінің ұл-қыздары– Азияда жұлдыздары

Барша спорт әлемі үшін маңызды спорттық дода ХІХ Жазғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. 15 күн бойы тартысты да таласты өткен байрақты бәсекеге еліміздің атынан 524 спортшы қатысып, спорттың 30 түрінен ел намысын қорғаса, Сыр өңірінен 25 спортшы спорттың 13 түрінен бақ сынады.

Азия ойындарының алғашқы күндерінде Сыр елінен үш бірдей спортшымыз Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Шархан Нұрлыхан дзюдодан қола медаль иеленді. Ар­тынша стенд атудан жерлесіміз Айжан Досмағамбетова қола жүлде жең­іп, төрт бір­дей жүлде Сыр елінің мерейін арттырды.

Бокстан Токио Олимпиа­дасының қола жүл­дегері Қам­шыбек Қоңқабаевқа ел зор үміт артты. Бұл жолы жерлесіміз финалдық бәсекеде өзбекстандық қарсыласына есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүл­десін иеленді. Сөйтіп «Париж – 2024» Олим­­пиа­дасының жолдамасын жеңіп алды. Азиа­даның соң­ғы күнінде өз мықтылығымен бәрін тамсандырған Мөлдір Жаң­бырбай каратэден керемет өнер көрсетіп, күміс жүлде еншіледі. Спортшы бұл жолы ақтық бәсекеде тайпейлік спортшыдан жеңіліп, екінші орынды қанағат тұтты. Осылайша сырбойылық спортшылар ел қоржынын еселеп, жалпыкомандалық ес­епте Қазақ­станның алға жылжуына ла­йықты үлес қосты. Бұл – бәріміз үшін зор абырой және мақтаныш болды. Аймақ спортшыларының жетістігі өңір тарихында ғана емес ел тарихында алтын әріппен жазылатын болады.

– Біз Сыр халқымен бірге барлық кезде­сулердің куәгері болдық. Жерлестеріміздің на­мыс-қайраты, күш-жігері әлі талай әлемдік ареналарды ба­ғын­­­дыруға жететініне сенемін Осы ретте спортшыларымызға үлкен қолдау білдірген аймақ басшысына, барша Азия ойындарына қатысушыларға және олардың бапкерлеріне алғы­сымды білдіремін. Берекелі бірлігіміздің арқасында Сыр спортының, ел спортының дамуына үлес қосып, ата-бабамыздың қанымен тараған батырларымызды тәрбиелеп өсіре берейік. Азия ойындарының жүлдегерлерін тағы да шын жүректен құттықтаймын, – деді облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова.

Айта кетейік, ХІХ Жазғы Азияда ойын­дарының қорытындысында отандық спортшылар 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 80 медальмен 11-орынға тұрақтады. Жалпы Қа­зақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.

Жазғы Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға мемлекет тарапынан жеткен жетістіктеріне сәйкес сыйақы беріледі. Мәселен, жазғы Азия ойындарында чемпион болған алтын медаль иегерлері 10 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алады. Күміс медаль олжалағандарға 5 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерлерге 3 мың АҚШ доллары беріледі. Бапкерлер де сыйдан кенде қалмайды. Азия ойындарында шәкірті чемпион атанған жаттықтырушыға 5 мың АҚШ доллары беріледі. Күміс медаль алған спортшының жеке бапкеріне 3 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерді баптаған жаттықтырушы 2 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Бұл туралы тиісті министрлік ресми хабарлады. Енді аз күнде спортшылар елге оралып, оларға құрмет көрсету іс-шаралары өткізілді.

«Тт» ақпарат
Фото: olympic.kz
10 қазан 2023 ж. 220 0