Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғұсман Қырғызбаев Qazagstan Barysy Grand Slam жарысының алтын жүлдесіне таласады

Ғұсман Қырғызбаев Qazagstan Barysy Grand Slam жарысының алтын жүлдесіне таласады

Қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев Астанада өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта бастапқы белдесуін әлем чемпионы, түбі грузиялық, ресейлік Яго Абуладземен татамиге шықты.

2021 жылғы әлем чемпионатының финалында Ғұсман дәл осы балуанға есе жіберген еді. Аса тартысты өткен белдесуде ресейлік дзюдошыға қосымша уақытша үшінші ескерту берілді.

Ғұсман Қырғызбаевтың жартылай финалдағы өзбекстандық Михриддин Тилоловпен күресі де тартысты өтті. Мұнда да қосымша уақытта өзбекстандық спортшыға үшінші ескерту беріліп, жеңіс Ғұсманның еншісінде кетті.

Осыған дейін Ғ.Қырғызбаев өз спорттық жолында 2019 жылы Әбу-Дабиде өткен Grand Slam жарысының жеңімпазы атанған еді. Бүгін сол табысын қайталайтындай мүмкіндігі бар.

Мағжан Шамшадин финалда франциялық Седрик Револмен, Ғұсман Қырғызбаев испаниялық Давид Гарсиа Торшемен алтын жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбиба Әбужақынованың Qazagstan Barysy Grand Slam турниріне қатыспайтынын жазған болатынбыз.

Мағжан Шамшадин Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің 
финалына шықты.
16 маусым 2023 ж. 192 0