Кәсіпқой боксшы Иван Дычко шаршы алаңға оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко ұзақ үзілістен кейін қайтадан шаршы алаңға оралады. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміз бұл жолы Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында жұдырықтасады. Ал оның қарсыласы – жергілікті Ариэль Эстебан Бракамонте. Кейінгісі 30 жаста және бүгінге дейін 21 жекпе-жек өткізіп, 11-інде жеңіске жеткен. Ал Дычко 32 жаста. Көрсеткіші – 12 жекпе-жек, 12 жеңіс. Тіпті оның 11-і уақытынан бұрын аяқталды. Жекпе-жек кеші 9 маусымда өтеді және 10 раундқа есептелген.
Айта кетейік, Дычконың бір жылға жуық үзілістен кейін оралып тұр. Ол соңғы рет былтыр маусымда рингке шыққан еді. Жерлестіміз дәл қазір АҚШ-тың Питтсбург қаласында кездесу алдындағы дайыдықты пысықтап жатыр.