Жеңіс күні қарсаңында бәйге өтті
Қызылорда облысында Жеңіс күні қарсаңында бәйге ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Еліміздің әр түпкірінен келген 100 шабандоз қомақты жүлде қорын сарапқа салды. Әуелі сайдың тасындай білекті жігіттер аударыспақта күш сынасты. Тақымы тастай, ат құлағында ойнаған 20 палуан бірнеше салмақ категориясы бойынша шеберлік байқасты. Ал ат жарысында үш кезең бойынша тай, құнан, аламаннан жеңімпаздар анықталады. Жүйріктер аламан бәйгеде 24 шақырым, құнан бәйгеде 12 шақырым, тай бәйгеде 6 шақырымға шапты. Сайыпқыран сәйгүліктердің дені Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облысынан қатысты. Бәйге тай жарыстан басталды. Бұл сынға 25 арғымақ қатысып жүйріктер анықталды.
Байназар Берекетов, атсейіс:
- Бұрын әр жерден іздеп атқа шаптыратын едік. Қазір 2-3 жылдан бері жасөспірімдер осы елдегі атқа бет бұрып, бәйгеге қызығушылығы артып, өйткені ай сайын бәйгелер болып жатыр. Бір айда мысалы, осы жердің өзінде Қызылорда облысында Арал, Қазалы ауданының көлемінде бір айдың ішінде 3-4 бәйге болып жатыр. Соның арқасында осы қызығушылық жасөспірімдер дамып келе жатыр деп сенемін.