Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстан әлемдік гран-приді қабылдайды

Қазақстан әлемдік гран-приді қабылдайды

Қазақстан әлемдік гран-приді қабылдайды. Отандық дзюдоның басы-қасындағылар осындай мүмкіндікке ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні кеше Парижде жапон жекпе-жегінің кезекті бәсекесі өткен болатын. Соның аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы дәл осындай жарысты біздің елде ұйымдастыру туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды. Оған сәйкес, Қазақстан 2023-2026 жылдар аралығында әлемдік гран-приді қабылдайды. Ол Астана және Алматы қалаларында «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен өтеді. Сондай-ақ, жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері де болуы керек.

Айта кетейік, жерлестеріміз үшін ағымдағы жыл өте сәтті басталды. Португалияда өткен алғашқы жарыста ұлттық құрама 1 алтын мен 2 күміс жеңіп алды. Тіпті, ең жеңіл салмақта қос қазақ қызы финалға шығып, тарихи нәтиже тіркеген болатын. Ал Париждегі бәсекеде қоржынымыз 2 қоламен толықты. Бұл жолы 48 келідегі Әбиба Аужақынова және 73 келідегі Данияр Шамшаев жеңіс тұғырынан табылды.
06 ақпан 2023 ж. 527 0