Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Талғарда бозкілем шеберлері тартысқа түсті

Талғарда бозкілем шеберлері тартысқа түсті

Қазан айының алғашқы аптасында Алматы облысында дүбірлеген додада бозкілем шеберлері бақ сынады. Берекесі тасыған, қазаны оттан түспеген Талғар қаласында облыстық дәне тәрбиесі жене спорт басқармасы мен Алматы облысы бойынша грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен грек-рим күресінен КСРО спорт шебері Есенжол Алимановты еске алуға арналған республикалық (U-20) турнирі өткізілген болатын.  

Республикалық байрақты бәсекеге қазақтын даңқты палуаны, ұлттық күрес федерациясының басшысы, Даулет Тұрлыханов республикалық «Ер – Намысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин, грек-рим күресінен Пекин олимпиадасының қола жүлдегері, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев облыстық грек-рим еркін және әйелдер күресі федерация президенті, грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дамир Кузембаев, әлемнің бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев, әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Жақанша Қорлан мен Демеу Жадыраев, бокстан Азия чемпионы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дархан Аширов, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы Жандос Аянбек, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.  

Негізінен, республикалық турнирге 2003-2005 жылдары туған жасөспірімдер 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Яғни, 55,60,63,67,72,77,82,87,97,130 келі салмақ дәрежесінде күрескен балғын спортшылар жиналған көпшіліктің делебесін қоздырды. Әрбір облыстың намысын қорғаған күресшілерге жанкүйерлер зор қолдау көрсетті. Бірнеше күнге созылған турнирдің өткізілу барысы жайында  қазақтын даңқты палуаны, ұлттық күрес федерациясының басшысы, Даулет Тұрлыханов өз пікірін білдірді.

– Еліміздің атын әлемдік деңгейде талай рет шығарған КСРО спорт шебері Есенжол Алиманов жөнінде көп дүние айтуға болады. Уақытында жасындай жарқылдап, грек-рим күресінен үздіктер қатарынан көрінді. Республикалық турнирдің  негізін қалаушы ардақты ағамыздың отбасы болып табылады. Осындай жарыстарда бақ сынаған  спортшылар мол тәжірибе жинақтайды. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын мықты спортшыларды дайындауымыз керек. Әрине, қажыр-қайраттың арқасында бапкерлер құрамы Есенжол ағаның ізбасарларын дайындайтын болады, – деді Дәулет Болатұлы.

Өз кезегінде жарысты тамашалауға келген қырғыз халқыныің өкілдері турнирге жоғары бағасын берді. Сонымен бірге қазақтың жұлдызы, эстрада әншісі Медеу Арынбаев жиналған қауымға әннен шашу шашты. Ал  республикалық «Ер – Намысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин Дәулет Тұрлыхановқа «Ұлы Дала Батыры» орденің тақса, «Спорт жұлдыздары» журналының шеф-редакторы Жандос Аянбек бауырлас қырғыз ағайындарға «Дружба народов Казахстана» орденің табыстады.


Жалпы, турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок, медель, диплом, ақшалай сыйлық табысталды. Ең бастысы, бозкілем шеберлері турнир аясында мол тәжірибе жинақтады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

09 қазан 2022 ж. 666 0