Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) Гамбургте (Германия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол өте тәжірибелі германиялық боксшы Жоан Дюопаға (39-6, 26 КО) қарсы шықты.
Аса ауыр салмақта өткен жекпе-жек 10 раундқа есептелді және ол бос тұрған WBC International чемпиондық атағына талас болатын. Жекпе-жек нәтижесінде қарсыласы 6-шы раундта рингке шығудан бас тартқан соң, Жан Кособуцкий жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, Жан Кособуцкий өзінің кәсіби карьерасында 18-ші рет жеңіске жетті және WBC белбеуін жеңіп алды. Ал неміс боксшысы кәсіби бокста 7-ші рет жеңіліс тапты.
22 мамыр 2022 ж. 280 0