Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бүгін футзалдан Еуропа чемпионатының финалы өтеді

Бүгін футзалдан Еуропа чемпионатының финалы өтеді

Бүгін, 6 ақпанда футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық дода финалында Ресей мен Португалия құрамалары шеберлік байқасады. Ал 3-орын үшін сайыста Испания мен Украина кездеседі.

Жартылай финалда Ресей Украинаны, Португалия Испанияны 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Елорда уақытымен 3-орын үшін сайыс 19.20-де басталса, финал 22.20-ге белгіленген. Екі кездесу де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобында бақ сынады. Алғашқы ойында Словениямен (4:4) тең түсіп, одан кейін Финляндияны (6:2) және Италияны 4:1 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде 7 ұпаймен бірінші орын алды. Ширек финалда Украина құрамасына 3:5 есебімен жол беріп қойды.

Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.
06 ақпан 2022 ж. 432 0