Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылордалық «Қайсар» Түркияға аттанды

Қызылордалық «Қайсар» Түркияға аттанды

Қызылорданың «Қайсар» командасы оқу-жаттығу жиынын өткізуге Түркияға аттанды. Команда осыған дейін екі рет облыста жаттығу жиынын өткізген.Сонда көзге түскен футболшылар Анталиядағы жиынға шақырылып отыр,–  деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен маусымда өнер көрсеткен ойыншылардың дені командадан кетті. Легионерлерге қатысты мәселе жақын күндері шешімін табады.

- Түркияда жаңа ойыншыларды сынақтан өткіземіз. Негізгі басымдықты жергілікті футболшыларға береміз. Негізгі мақсат алдағы бес жылдықта танымал ойыншылар шығару, - дейді «Қайсар» ФК директоры Серік Досманбетов.

Команданың бас бапкері Сұлтан Әбілдаев бірнеше шетелдік футболшымен келіссөз жүргізіліп жатқанын да айтып өтті. «Қайсар» Анталияда 5 жолдастық кездесу өткізеді. Ал ел біріншілігі 12-ші наурызда басталады.

Үшінші оқу-жаттығу жиынына қақпашылар Марсель Исламқұлов, Нұрымжан Салайдын, қорғаушылар Елжас Сарбай, Олжас Алтаев, Иван Граф, Ілияс Әмірсеитов, Абылайхан Төлегенов, жартылай қорғаушылар: Данияр Әлімжан, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов Думан Нәрзілдаев, шабуылшылар Шоқан Абзалов пен Өркен Махан шақырту алып отыр. Шабуылшы Елжас Алтынбеков жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынына кейінірек қосылатын болады.

27 қаңтар 2021 ж. 638 0