Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралас жекпе-жектің шеберлері қанша табыс табады?

Аралас жекпе-жектің шеберлері қанша табыс табады?

Қаңтардың 23-нен 24-іне қараған таңда Әбу-Дабиде аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтеді. Сол кештің басты бәсекесінде ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дастин Порье күш сынасады, – деп хабарлайды egemen.kz.  

32 жастағы Ирландияның өкілі аралас жекпе-жектен 26 кездесу өткізіп, 22 рет жеңіске жетті. 20 кездесуді мерзімнен бұрын аяқтады. АҚШ спортшысының да жасы 22-де. Ол 32 жекпе-жектің 26-сын өз пайдасына шешті. 19 мәрте айқын басымдыққа ие болды. Осы жарыста Конор Макгрегор 5 миллион және Дастин Порье 1 миллион доллар көлемінде пайда табады. Сонымен қатар, олардың есепшортына ақылы трансляциядан да біраз қаражат түседі.

Ал күні кеше дәл сол Әбу-Дабиде қазақстандық Сергей Морозов пен ресейлік Омар Нұрмагомедовтың айқасқаны белгілі. Бұл бәсекеде дағыстандық спортшы айқын жеңіске қол жеткізді. Осы жарысқа қатысқаны үшін жерлесіміз 13,5 мың АҚШ долларына иелік етті.


23 қаңтар 2021 ж. 357 0