Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Анна Нұрмұхамбетова төрт жылға спорттан шеттелді

Анна Нұрмұхамбетова төрт жылға спорттан шеттелді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының мүшесі, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Анна Нұрмұхамбетова допинг қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан шеттетілді, – деп хабарлайды egemen.kz
Бұл ақпаратты Қазақстанның допингке қарсы күрес орталығы таратып отыр. Әйгілі спортшының оралтуринабол дәрісін қолданғаны анықталып отыр. Әрине, ондай жаңалықты есту жанкүйерлерге де оңай емес. 26 жастағы Анна талай дүбірлі додаларда ел намысын абыройлы қорғаған еді.
Атап айтсақ, 2012 жылы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылы Азия чемпионы атанды. Одан бөлек, жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы жарыстарда да талай рет жеңіс тұғырына көтерілді. Көптеген жанкүйерлер оның болашағына үлкен үмітпен қарады. Тіптен, танымал спорт журналистерінің бірі Жандос Айтбай Анна Нұрмұхамбетованы «асқан талант иесі» деп атағаны да есімізде.  
08 мамыр 2020 ж. 536 0