Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мәулен Әшімбаев Сенаттың 2025 жылғы жұмысын қорытындылады

Мәулен Әшімбаев Сенаттың 2025 жылғы жұмысын қорытындылады

Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осы жылдың соңғы жалпы отырысында Палатаның жұмысын қорытындылады.

Жалпы, Палатамыз жыл басынан бері 102 заңды қарады. Бұл заңдар еліміздің саяси және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Бүгінгі қорытынды отырысымызды да осындай маңызды заңдарды қараумен түйіндеп отырмыз, — деді Мәулен Әшімбаев.

Заң шығару қызметімен қатар Сенаттың тұрақты комитеттері Палата жоспарына сәйкес бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырды. Сенатта еңбек адамы және заң білімін дамыту мәселелеріне арналған 2 парламенттік тыңдау өткізілді.

— Палата депутаттары біраз заңға халық пен өңірлердің мүдделерін ескере отырып, толықтырулар мен өзгерістер енгізді. Сонымен қатар, сенаторлар бастамашы болып, 15 жеке заң жобасын әзірледі. Бұдан бөлек, тұрақты комитеттер жұмыс жоспарына сәйкес 5 үкімет сағатын, 50-ден астам көшпелі отырыс, 100-ге жуық дөңгелек үстел отырысы мен кездесулер өткізді. Соның аясында Президент тапсырмаларының, заңдардың және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жан-жақты талқыланды, — деді Сенат төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, Сенаттың халықаралық қызметі де 140-қа жуық мазмұнды іс-шарамен ерекшеленді.

— Өздеріңізге белгілі, биыл Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезін өткіздік. Іс-шараға әлемнің 60-қа жуық елінен 100-ден астам делегация келіп, қатысты. Бұдан бөлек, әріптестеріміз 130-дан аса депутаттық сауал жолдап, Үкіметке өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сенат жанындағы консультативтік-кеңесші органдар да бірқатар маңызды іс-шаралар өткізді… Жалпы, биыл атқарылған ауқымды жұмыс үшін баршаңызға, депутаттарға және Сенаттың Аппаратына ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Сондай-ақ, Палата қызметін халыққа жеткізу жолындағы белсенді жұмыстары үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне рахмет айтамыз. Жыл аяқталғанымен, депутаттық қызметіміз жалғаса бермек. Ертеңнен бастап сіздердің өңірлерге сапарларыңыз басталады. Сапар барысында тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерге баса мән беруіміз керек, — деді Мәулен Әшімбаев сенаторларға қарата айтқан сөзінде.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы қаралды. Сенаторлар құжаттың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.


25 желтоқсан 2025 ж. 45 0