Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.«Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Аида Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдары (қаңтар) –Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022-2023 жылдары (қыркүйек) – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқарып келеді.
2010 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.










