«Өрлеу» жеңілдікті несиелеудің жаңа бағдарламасы
Инвестициялар мен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін биылдан бастап бірлескен қаржыландыру шарттарында «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды: 60% – банктер қаражаты, 40% – «Даму» қоры. Бағдарлама инвестициялық мақсаттарға жеңілдікті қарыздар беруді, айналым қаражатын толықтыруды, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтардан ерте емес берілген қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыруды көздейді.
Бағдарламаның мақсаты – өндірісті кеңейту, технологиялық жаңарту және экономиканы әртараптандыру үшін қолайлы жағдай жасау. Қаржыландыру басым салаларға: өңдеу өнеркәсібі, агроөңдеу, логистика, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салаларға бағытталады.
«Даму» қорының қаражаты «Қазақстан Фридом банкі», «Қазақстан Халық банкі», «Банк Центркредит», «Нұрбанк» және ForteBank-те 81,5 млрд теңге көлемінде орналастырылған. Қазірдің өзінде 203,7 млрд теңгеге 417 жобаны қаржыландыру қарастырылған.










