Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мемлекет басшысы ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып, оның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады.

Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру, халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен болатын.

Фото: Ақорда
04 қаңтар 2025 ж. 237 0