Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орталық сайлау комиссиясы ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы ЖСДП-ның партиялық тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясының мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, ЖСДП-ның партиялық тізіміне 19 адам енген. Олардың 6-уы – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізіміне енгізілген барлық адам Конституция және "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сай келеді", - деді Щегорцова орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Ол ЖСДП алдыңғы парламент сайлауына қатыспағанын атап өтті. Сондықтан заңнамаға сәйкес, партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуге тиіс. Жарна сомасы партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшері – 1 050 000 теңгені құрайды.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау жарнасын толық көлемде төледі", - деді ОСК мүшесі.

Осылайша Орталық сайлау комиссиясы ЖСДП-ның мәжіліс сайлауына ұсынған кандидаттар тізімін бекітті.

Бұған дейін Қазақстан халық партиясының партиялық тізімі бекітілген болатын.
13 ақпан 2023 ж. 333 1

Rena от 13 ақпан 2023 20:04
Hey, Are you tired of working on daily schedules? Would you like me to share a coaching that's allowing even me to generated steady income every single week ? You can ignore this email if you are already making atleast $10k a month. A proven Exclusive coaching that help build your own business in just 30 days with Guarantee is really hard to find. If you are interested then you can check this out: https://www.xoxourl.com/10kin30days Cheers