Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат сайлауына қанша кандидат тіркелді?

Сенат сайлауына қанша кандидат тіркелді?

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нұрлан Әбдіров 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін Сенат депутаттығына сайлауға қатысатын кандидаттар санын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОСК басшысының айтуынша, сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, бюллетеньдерге 55 кандидат енгізілген.

«Алматы қаласынан төрт үміткер, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының әрқайсысынан екі үміткерден, қалған Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан үш кандидаттан тіркелді», деді Нұрлан Әбдіров.

Ол республика бойынша сайлаушылар тізіміне 3 168 мәслихат депутаты енгізілгенін, олардың айтарлықтай бөлігі Түркістан облысында (317 сайлаушы) және Қостанай облысында (263 сайлаушы) екенін қоса айтты. 

«Азаматтардың өмірін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында депутаттардың сайлау науқанының барлық кезеңдерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлау комиссиялары бас мемлекеттік дәрігердің ұсыныстарын басшылыққа алды», деді ОСК басшысы.

Өз кезегінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова коронавирус, тұмау және ЖРВИ ауруының жай-күйі бойынша қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты сайлауды кең бөлмелерде және сайлаушыларда медициналық маскалар болған жағдайда өткізуді ұсынды.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 26 қарашасында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2023 жылдың 14 қаңтарында өткізу туралы» жарлыққа қол қойған еді.
12 қаңтар 2023 ж. 244 0