Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қуаныш Ерғалиев ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болды

Қуаныш Ерғалиев ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, дер хабарлайды ҚазАқпарат.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастады.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2014-2019 жылдары — Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.

2019-2021 жылдары Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусымынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі болды.

Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің тағы бір орынбасары 
тағайындалған болатын.
17 тамыз 2022 ж. 660 0