Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылорда облысында көлігі балшыққа батып қалған франциялық жиһанкездер құтқарылды

Қызылорда облысында көлігі балшыққа батып қалған франциялық жиһанкездер құтқарылды

Қызылорда облысында көлігі батпаққа батып қалған франциялық жиһанкездер құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 тамызда сағат 20.12-де төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама түсті. Онда Арал ауданының Қамыстыбас елді мекенінің тұсында Франция азаматтарының жеке автокөлігі балшыққа батып қалғаны айтылған.

«Оқиға орнына Жедел құтқару жасағы аттанып, мән-жайды анықтады. Қамыстыбас елді мекенінен екі шақырым жерде Франциядан келген ер азамат пен әйел кісі өздерінің жекеменшік «IVECO» маркалы микроавтобусымен балшыққа батып қалған. Олар туристік мақсатпен ел аралап жүрген екен. Құтқарушылар автокөлікті балшықтан шығарып берді. Жолаушылар аман-есен, медициналық көмекті қажет еткен жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Фото: Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті
03 тамыз 2023 ж. 471 0