Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаңтар оқиғасында қай өңірлерде адам өлімі жиі тіркелді

Қаңтар оқиғасында қай өңірлерде адам өлімі жиі тіркелді

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасында қаза тапқандар туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шабуылды тойтару кезінде, төтенше жағдай мен антитеррористік операция барысында 238 адам қайтыс болды. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған. Қаза болғандар саны туралы мәлімет дұрыс, жүргізілген тергеу аясында мұқият тексерілді», - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Бас прокурордың айтуынша, қаза тапқандар ішінде 67 адам шабуылдаушы болып танылды, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер; 142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік операция режимін бұзушылар; 4 адам басқа да қылмыстар жасау кезінде мерт болған.

«Жалпы, Алматы қаласында 151 адам қаза болды. Олардың көбі – Президент Резиденциясын шабуылдау кезінде қаза тапқан. Адам өлімі тағы Қызылорда (26), Шымкент (20) және Тараз қалаларында (17) орын алды», - деді Берік Асылов.



Фото: ABDUAZIZ MADYAROV/AFP
05 қаңтар 2023 ж. 457 0