Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамның өзекті мәселесі

Қоғамның өзекті мәселесі

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы арналған жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізуге арналған жоспарына сәйкес, аудан көлемінде өткен айдың соңғы күндері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі міндеті Қызылорда облысының аумағында жедел жағдайды тұрақтандыру екені мәлім. Сонымен бірге мал ұрлықтарының алдын-алу, ашу, оқиғаны болдырмау күн тәртібінен түспейді. Төрт түлік малды және ет өнімдерін санкцияланбаған тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу – сала мамандарына жауапкершілік жүктейді. Мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыскерлер мен қылмыстық топтарды құрықтау басты қызметтің бірі болып саналады.

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында сала мамандары жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізді. Өрістегі малды қадағалау, уақытылы қораға қамау мәселесі назардан тыс қалмайды. Осы күнге дейін өзекті мәселеге айналып келген мал ұрлығына байланысты қолға алынған іс-шаралар өзінің жемісін берсе дейміз. Бір үйден бірнеше бас мал жоғалған сәтте көпшілік шығынға бататыны жасырын емес. Сондықтан малдың жоғалуы кезінде барымташыларды уақытылы анықтау маңызды. Себебі, азғантай малынан айырыла беру халыққа оңайлық соқпайды.
01 желтоқсан 2022 ж. 328 0