Үйілген топырақ
Әлі есімде... Екі жарым-үш жастамын. Үйдің қасында үйіліп тұрған саз топырақтың үстінде құм шашып ойнап отырмын. Күн төбемде. Әдемі көйлегін киген анам үлкен трассаға бет алды.
– Базардан саған «әй-әй» көйлек пен тәтті кәмпит әкеліп беремін...
Үйілген топырақтың жермен жексен болғанына 24 жыл. Содан бері үстіме бір көйлек пен таңдайыма тәтті кәмпит жетіспей жүр...
Нұрбике Құдайбергенова